Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада лифт құлап бір адам қаза тапты

Астанада лифт құлап бір адам қаза тапты
Фото: Михаил Колобаев / stroi.mos.ru

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі қызметкер № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.

— Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр. Оларға қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Осыған дейін елде ескірген қанша лифт бар екені анықталды. Қазір елдің тұрғын үй қорында 33 858 лифт жабдығы бар. Оның ішінде 4 144 лифт 25 жылдан астам пайдаланылып келеді, ал 3 195 лифт техникалық қызмет көрсету аясында күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.