KZNews.kz
Мәдениет

Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, ескерткіш тақта жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына қойылған. Бұл – өз өмірін адам өмірін сақтауға арнаған медицина қызметкеріне деген тағзымның белгісі.

Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, марқұмның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, жақын туыстары мен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ұлдана Мырзуанның кәсібіне адалдығы мен ерлігі атап өтілді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары