Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі - Ел жаңалықтары

Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі - Ел жаңалықтары

Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы астаналық жедел штабына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу Астана қаласының "Алматы" аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) 22 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі. 

"Іс-шараның негізгі міндеті - терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру. Оқу-жаттығулар кезінде кейбір шектеуліктер болады. Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарды сабыр сақтап, түсінуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Автор
Санжар