Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада күдікті сөмке үшін ХҚО ғимараты қоршауға алынды

Астанада күдікті сөмке үшін ХҚО ғимараты қоршауға алынды

Астанадағы Республика алаңында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісі полицияға ғимаратта күдікті сөмке бар екенін айтқан. Оқиға орнына жедел түрде полицейлер мен криминалистер жіберілген деп хабарлайды елорданың Полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: yandex.kz

Күдікті сөмке туралы хабарлама 13:35-те келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірден Халыққа қызмет көрсету орталығын қызметкерлер мен келушілерден босатыпты.

Алайда тексеру барысында сөмкеден ешқандай тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылмаған екен.

Сағат 14:00-ден бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы қайтадан қалыпты жұмыс істей бастады.

Автор
Бауыржан