Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада француз жерін азат еткен қазақ жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Астанада француз жерін азат еткен қазақ жауынгерлеріне құрмет көрсетілді
Фото: GOV.KZ

Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Франциядағы партизан қозғалысына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді. Салтанатты рәсімде француз жерін азат етуге үлес қосқан бес қазақ сарбазының ұрпақтарына Франция Республикасының «Азат ету» медалі табысталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Салтанатты шараға Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы – Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Қуанышбек Үштаев пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильвиан Гиоге қатысты. Құрмет қарауылының сүйемелдеуімен олар Франция халқының азаттығы мен бірлігінің символына айналған Шарль де Голль ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жиында сөз сөйлеген генерал-майор Қуанышбек Үштаев соғыс жылдарындағы партизандардың ерлігіне ерекше тоқталды.

– Соғыс жылдары миллиондаған адамның тағдыры қыл үстінде тұрды. Майдан даласында француз халқымен бірге ортақ жауға қарсы шайқасқан партизандардың Жеңіске қосқан үлесі зор. Бүгінгі рәсім – өткенге тағзым ғана емес, батырларымыздың ерлігін ұлықтау. Олардың есімі халық жадында мәңгі сақталады, – деді ол.

Тарихи деректерге сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 300-ден астам қазақстандық Францияның Тулуза қаласы мен оның маңын азат етуге қатысқан.

Салтанатты шара барысында партизан қозғалысына қатысқан бес жауынгердің ұрпақтары марапатталды. Атап айтқанда, Ахмет Бектаев, Бектемір Байжанов, Нұранбай Баймұратов, Өтеуәли Бейсенғалиев және Ахмет Субаловтың балалары мен немерелеріне Франция Республикасының «Азат ету» медалі табысталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвиан Гиоге Франция Қарулы күштері және ардагерлер істері министрі Катрин Вотреннің атынан тапсырды.

Франция министрі Катрин Вотреннің құттықтау хатында қазақ жауынгерлерінің ерлігіне жоғары баға берілді.

– Үш жүзден астам қазақстандық Франция жерінде француз халқымен бірге иық тірестіре соғысты. Олар туған жерінен мыңдаған шақырым алыста жүріп, ортақ жауға қарсы күресті, ауыр сынақты бастан өткерді. Кезінде генерал Шарль де Голль олардың ерлігін жоғары бағалаған еді. Бүгінгі Франция да бұл ерлікті ұмытпайды, – делінген хатта.

Марапатталған жауынгерлердің ұрпақтары бұл күннің ерекше әсер сыйлағанын айтты.

– Бүгінгі толқынысымызды сөзбен жеткізу қиын. Әкеміздің ерлігі дәріптеліп жатыр. Франция мемлекетіне және Қазақстан Қорғаныс министрлігіне алғысымыз шексіз, – деді партизан жауынгер Бектемір Байжановтың ұлы Сырлыбай Бектеміров.

Іс-шара соңында ардагерлер, дипломаттар және қонақтар естелік суретке түсті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.