Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада есірткі жарнамаларын таратқан жас жігіттер ұсталды

Астанада есірткі жарнамаларын таратқан жас жігіттер ұсталды

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Елордалық Есркі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарының көмегімен ғаламтор сайттарындағы синтетикалық есірткілердің жарнамаларына қатысы бар жас жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Астана қаласының аумағында есірткінің таралу деректеріне көз жұма қарай алмайтын қоғамның атсалысуының және демеу болуының арқасында полиция қызметкерлері 1998 жылы туған "А" есімді азамат пен "Б" есімді 1997 жылғы Жамбыл облысының тумасын ұстады. Олар ғаламтор сайттары арқылы есірткі заттарын өткізу және оларды пайдалануға еліктіруге қатысы бар жарнамаларды таратқан,- деп хабарлап отыр Астана қалалық Полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Астана қаласының Полиция департаменті осы азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса Есркі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефон нөмірлеріне: 71-63-93, 71-62-60 немесе 102 хабарласуын сұрайды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен осы сияқты 100-ден аса сайт анықталып, оларды бұғаттау туралы ақпараттар жолданған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Жандос