Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ең үздік аққалаға байқау жарияланды

Астанада ең үздік аққалаға байқау жарияланды

2018 жылғы 28 желтоқсан 01:14 227

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында ерекше байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарыарқа ауданының ең креативті аққаласына іздеу саламыз. Ауа райы жылып келеді, тұрғындардың бой жазатын уақыты жетті. ASTANA WINTERLAND интерактивті бірегей ойын-сауық алаңы аясында ерекше аққалаға немесе қардан жасалған мүсінге байқау жариялауды жөн көрдік. Мүсінді жасауда қиял ұшқырлығына шектеу қойылмайды», - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында.

Байқауға қатысу шарттары: өз үйінің ауласында қардан мүсін тұрғызу, онымен бірге суретке түсіп, #СарыарқаАққалалары #СнеговикиСарыарки хэштегімен әлеуметтік желіде жариялау.

«Ең үздік аққала иесіне демеушілерден 100 мың теңге ақшалай сыйақы дайын. Әрине, екінші және үшінші орын алғандар да назардан тыс қалмайды», - деді А. Тұрлыбек.

Аққалалар байқауы қаңтар айының ортасына дейін жалғасады. 15 қаңтар күні байқау нәтижесі жарияланады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Санжар