Ертісбаев үлкен саясаттан кететінін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада BI Group салған тұрғын үй кешенінде терезе әйнегі сынып, сынықтар қарша жауған

Астанада BI Group салған тұрғын үй кешенінде терезе әйнегі сынып, сынықтар қарша жауған
Фото: sn.kz

Астанада BI Group компаниясы тұрғызған Garden View тұрғын үй кешенінде қауіпті жағдай тіркелді. Көпқабатты үйдегі терезе әйнегі сынып, оның бөлшектері тұрғындар жүретін аумаққа шашылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан әйнек сынықтарының ғимараттың төменгі бөлігіне құлағанын көруге болады. Абырой болғанда, сол уақытта маңда жүрген адамдардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Оқиғадан кейін қауіпті аумақ қоршауға алынып, жерге түскен әйнек қалдықтары тазартылған. Ал ғимаратта әлі де қауіп төндіруі мүмкін әйнек бөлшектерін алып тастау үшін мамандар арнайы техникамен жұмыс жүргізген.

BI Group өкілдерінің мәліметінше, биіктіктегі элементтерді қауіпсіз бөлшектеу үшін тиісті қызметкерлер тартылған. Қазір әйнектің қандай себеппен сынғаны анықталып жатыр.

Компания бұл жағдай бойынша тексеру жүргізілетінін және оның нәтижесі тұрғындарға хабарланатынын мәлімдеді.

Garden View тұрғын үй кешені бизнес-класс санатына жататынын ескерсек, мұндай оқиға тұрғындар қауіпсіздігі мен ғимараттың пайдалану сапасына қатысты сұрақ туғызбай қоймайды. Әсіресе әйнек сынықтарының адамдар жүретін аумаққа құлауы қауіпті жағдайдың алдын алу мәселесін қайта көтерді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.