Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Оқиға А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешендерінің бірінің жанында болған, деп хабарлайды kznews.kz
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы лапылдап өртеніп жатқан. Қатты желдің салдарынан от бір-біріне жақын тұрған көліктерге жылдам тараған.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.