Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада асықтан жүлде қоры 2 миллион теңге турнир өтеді - Спорт

Астанада асықтан жүлде қоры 2 миллион теңге турнир өтеді - Спорт

Астана 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Асық ату Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Асық ату Федерациясы бұл жарысты дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы және медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысады", - делінген хабарламада. 

Жарыс бестабан (ерлер), бес асық (қақпақыл, әйелдер) ережесі бойынша өтеді. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген ҚР асық атудан бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысады.

Жарысқа медициналық анықтамасы бар 17 жастан асқан спортшылар қатыстырылады. Жүлде қоры - 2 000 000 теңге.

Автор
Мадияр