KZNEWS.KZ
Әлеумет

Астанада адасып қалған екі баланың ата-анасы жауапқа тартылды

• Асқар Алтайұлы
Фото: GOV.KZ

Кешкі уақытта балалар полицияға өздері қоңырау шалып, жол таба алмай қалғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі болғандай, олар қалаға қарай биік шөп пен қалың өсімдік басқан ашық дала арқылы өтпек болған. Алайда бағыттан жаңылып, өздігінен жол таба алмаған.

Іздеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылып, арнайы техника мен із кесуші ит пайдаланылды.

Балалар табылғаннан кейін олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-аналары бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →