Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада 7,9 миллиард теңге жымқырған құрылыс компаниясы өкілдері қамауға алынды

Астанада 7,9 миллиард теңге жымқырған құрылыс компаниясы өкілдері қамауға алынды
Фото: krisha.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада "Qyran" тұрғын үй кешені бойынша ірі алаяқтық схемасын әшкереледі. Құрылыс компаниясы қызметкерлерінің 7,9 миллиард теңге жымқырғаны анықталып, үш күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін «дәлелдейтін» макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.

Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған. Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді. Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген.

Нәтижесінде азаматтардың 3,8 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырылған. Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.

Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген. 76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 млрд теңге жымқырылған. Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 млрд теңгені құрады.

Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды.

Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі