Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астана жаңалықтары: №41 бағдарлы автобус өртенді

Астана жаңалықтары: №41 бағдарлы автобус өртенді
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

83 0 0

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 жолаушылар автобусының артқы дөңгелегі отқа оранған

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Астанада жолаушылар автобусында өрт шықты, деп хабарлайды еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға бейсенбі 3 қаңтарда болған.

"Өрт сөндіру қызметіне Астанада Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында №41 жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті. Артқы дөңгелек тұтаныпты", — деп мәлімет берді ведомство.

© Foto : ҚР ІІМ ТЖК

Астанада қоғамдық көлік өртенді

Өрт 12:36-да ауыздықталып, 12:38-де сөндірілді.

Автобуста болған адамдар зардап шекпеген. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Астанада таңертең ерте жекеменшік балабақшада өрт болды. Балабақша етіп жасалған коттедждің жертөлесінде дизель құйылған ыдыс жана бастапты. Өрт тез арада сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ – өрт шыққан кезде балабақшада балалар мен тәрбиешілер болмаған.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Бауыржан