Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Астана Су арнасының" бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған

"Астана Су арнасының" бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аса ірі көлемде пара алған "Астана Су арнасының" бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. "Астана Су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Уәлихан Досаев 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Досаев "Астана Су арнасы" кәсіпорнының бас директоры болып тұрған кезде "Технополисжилстрой" ЖШС басшылығынан аса ірі көлемде пара алған. Ол ЖШС-ның иелігіне жылжымайтын мүлікті беру туралы қосымша келісім жасау үшін қоластындағы қызметкері арқылы "Молодая семья 2" тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарып, Досаевты 7 жылға соттады. Ол жазасын төмен деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ Досаев өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.


sputniknews.kz
Автор
Арман