Қоғам

Астана соты ҚТЖ-ның еншілес ұйымына 1,42 млрд теңге айыппұл салды

Астана соты ҚТЖ-ның еншілес ұйымына 1,42 млрд теңге айыппұл салды
Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

Ұлттық компания «Қазақстан темір жолының» еншілес ұйымы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ 1,42 миллиард теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Агенттіктің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі астаналық департаменті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясына қатысты заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеудің басталуына Қазақстан мен Қырғызстан экспедиторлар ассоциацияларынан, сондай-ақ бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардан түскен өтініштер негіз болған.

Агенттік мәліметінше, жоспарланған тасымалдарды келісу кезінде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» аффилиирленген компаниялар – KTZ Express пен «КедентрансСервиске» артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергі келтірген. Бұл әрекет компанияның монополиялық жағдайды теріс пайдалануы ретінде бағаланған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартып, мемлекет кірісіне 1,42 миллиард теңге айыппұл төлеу туралы шешім шығарды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz