"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Астана» өз алаңында басты қарсыласы «Динамодан» жеңіліп қалды (видео)

«Астана» өз алаңында басты қарсыласы «Динамодан» жеңіліп қалды (видео)

Елордалық «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында киевтік «Динамомен» кездесіп, жеңіліп қалды. Матч 0:1 есебімен «Динамоның» пайдасына аяқталды.

«Астана» ә дегеннен белсенділік танытып, бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырған. Бірде Муртазаев мүлт кетсе, бірде Кабананга биік теуіп жатты. «Динамо» сирек шабуылдаса да туындаған мүмкіндікті қалт жібермей пайдаланып, ойынның 29 минутында Беньямин Вербич есеп ашты.

Одан кейін де командалар алма кезек шабуылдады. 82 минутта Дмитрий Шомконың бағыттаған соққысы өте жойқын болған. Алайда доп қақпа бағанасынан кері серпіліп, «Астана-Аренаға» жиылған жанкүйерлерді аһ ұрғызды.

Осылайша, «Астана» көш басындағы тізгіннен айырылып қалды. «Динамо» 11 ұпаймен көш тізгінін қолға алды. «Астананың» еншісінде 8 ұпай бар. «Ренн» – 3, «Яблонец» – 2 ұпаймен келе жатыр.

Соңғы турда 12 желтоқсан күні «Астана» Францияға қонаққа барса, «Динамо» өз алаңында «Яблонецті» қабылдайды.

Абай Аймағамбет

Автор
Арман