Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.

Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ   ауқымды күту залы; заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы; қызмет көрсету терезелерінің көптігі, балаларға арналған ойнау бұрышының ұйымдастырылуы сияқты артықшылықтары бар. Орталық касса дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ мұнда жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарының дубликаты беріледі.

Жаңа мекен-жайға қатынайтын бағдарлар: №3, №20, №41, №47, №21, №33, №107(экспресс), №100(экспресс). Аялдамалар: "Тұрсын Астана" Т/К және "Барыс" Т/К

Автор
Арман