Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Асқынып келеді": Назарбаевтың немере келіні отбасындағы шындықты айтты

"Асқынып келеді": Назарбаевтың немере келіні отбасындағы шындықты айтты
ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немере келіні Аида Әлиева отбасындағы жақын адамының денсаулығына қатысты әсерлі жазба жариялады, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлінің жұбайы қазір шетелде тұратынын айтып, науқас әжесінің жанында күн сайын бола алмайтынын жеткізді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әжесімен бірге түскен суреттерін жариялап, қарт кісіге күтім жасап отырған туыстарына алғыс білдірді.

Аида Әлиеваның айтуынша, оның әжесі бірнеше жылдан бері деменциямен ауырады. Дегенмен кей сәттерде ол кісі ерекше жинақталып, анық сөйлей бастайтынын жазды.

"Әжемнің бірнеше жылдан бері деменциясы асқынып келеді. Күнделікті өмірде ол кісі көбіне сөйлескісі келмейді, тұйықталып, ұзақ уақыт үнсіз қалуы мүмкін. Бірақ мен "Ақмама, балалар мен немерелер үшін видео жазайықшы, сіздің сөздеріңізді сақтап қалу мен үшін өте маңызды" десем, бір ғажайып болады. Ол кісі жинақталып, жанданып, сөйлей бастайды. Сондай анық әрі түсінікті сөйлейді, көп адам оның деменциямен ауыратынына сенбейді", – деп жазды Аида Әлиева.

Сонымен қатар ол әжесінің жанында күн сайын өзінің тәтесі, яғни науқастың келіні болатынын атап өтті. Әлиева мұны бүкіл отбасы үшін үлкендерге деген шынайы қамқорлық пен махаббаттың үлгісі деп бағалады.

Оның сөзінше, қарт адамдарға ең алдымен көңіл, мейірім және жақындарының жанында болуы қажет. Тіпті олар сөйлескісі келмеген жағдайда да, қасына барып, қолынан ұстап, құшақтап, үнсіз бірге отырудың өзі үлкен қолдау екенін айтты.

"Иә, кейде қарт адамдармен тіл табысу оңай емес. Бірақ біз кішкентай болған кезде, бізбен де әрдайым оңай болған жоқ қой", – деп жазды ол.

Жазба соңында Аида Әлиева алғыс пен махаббаттың құр сөзбен емес, нақты әрекетпен көрінетінін еске салды.

"Алғыс бір-бірімізге бөлетін уақытпен, көңілмен, қамқорлықпен және жай ғана қасында болумен өлшенеді", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер