Олимпиадада 10-орын алған Софья Самоделкинаға 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асқар Жұмаділдаевқа 70 жасында танымал кәсіпкер су жаңа темір тұлпар сыйлады

Асқар Жұмаділдаевқа 70 жасында танымал кәсіпкер су жаңа темір тұлпар сыйлады
sn.kz

Қазақстандық белгілі математик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетіліп, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов су жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ғалымға Hyundai Palisade маркалы көлік сыйға берілген. Бұл тосынсый мерейтой қарсаңында арнайы ұйымдастырылған.

"Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейлі жасқа орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше сый жасап, Hyundai Palisade автокөлігін тарту етті", – деп жазды Сырымбек Тау.

Желі қолданушылары мен әріптестері белгілі ғалымды құттықтап, оның ғылым саласына қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтті. Көпшілік Асқар Жұмаділдаевқа мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа ғылыми жетістіктер тіледі.

Айта кетейік, Асқар Жұмаділдаев – Қазақстандағы математика ғылымының дамуына зор үлес қосқан, халықаралық деңгейде танылған ғалымдардың бірі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер