Пәні:Қазақ тіліСабақтың тақырыбы:«Ең бірінші бақытым – тілім менің»Мерзімі: 19. 09. 2014 ж.Сыныбы: 4Мақсаты: «Ең бірінші бақытым – тілім менің» тақырыбы .Қазақ тілі сабағында танысқан білімдерін пысықтау. Тілдің көркемділігін ,байлығын көрсету. Тіл дамыту. Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «ойлауға үйрету»
| Уақыты | Сабақтың мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? | Оқушылардың іс-әрекеті | Қолданылатын ресурстар |
| 2 мин | Ұйымдастыру | Қайырлы күн ойыны | Балалар сандарды кезегімен айтады. Кімге үшке бөлінетін сан келіп қалса, «Қайырлы күн!» деп айтады | |
| 1 мин | Шағын топтарға бөлу | Балалар қаламдары арқылы топқа бөлінеді. | Балалар қаламдарын тауып ,екі топқа бөлінеді. | Топ атауы жазылған қағаз. |
| 3 мин | Сурет | Пойыз суреті .Вагондарында тапсырмалар | Балалар еденде жатқан вагондарды алып тапсырмаларын аңықтайды | |
| 1 мин | Таныстыру | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады | Оқушылар тыңдайды | |
| 7-мин | Топтық жұмысСөйлесім әрекеті | Тапсырманы орындау шартымен түсіндіреді.1 аялдамаМақал -мәтелдер | Әр шағын топ келесі топқа баға береді. | Интер. тақтаБағалау парақтары. |
| 5 мин | Жеке жұмыс | 2 аялдама. Септіктер. | Көршілері дәптермен ауысады.Бір –бірін бағалайды. | Интер. тақтаБағалау парақтары. |
| 2 мин | Сергіту сәті | «Пойыз»Қ . Досановтың өленің бәрі қосылып айтады. | Балалар орнынан тұрып пойыз сияқты қозғалады, жүреді. | |
| 4 | Сөйлесім әрекеті | 3 аялдама. Әріптер мен дыбыстар | Әр оқушы жазба жұмысын орындайды..Сосын әркім өзін-өзі бағалайды. | Интер. тақтаБағалау парақтары |
| 5 мин | Жеке жұмыс | 4 аялдама. Дауысты дыбыстан басталатын 10 сөз. | Көршілері дәптермен ауысады.Бір –бірін бағалайды.Оқушылар орындайды. | дәптер, қаламИнтер. тақтаБағалау парақтары |
| 10 мин | Топтық жұмысСөйлесім әрекеті | .5 аялдама.Мәтін аудару. | Әр шағын топ келесі топқа баға береді | Интер.тақта Бағалау парақтары. |
| 1 мин | Үйге тапсырма | Үйге тапсырма:тапсырма. | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады | Күнделік, қалам, оқулық |
| 2 мин | Бағалау | Қалай бағалау керектігін түсіндіру. | Әр шағын топ келесі топқа баға береді. Сосын әркім өзін-өзі бағалайды. | Бағалау парақтары. |
| 2 м | Рефлексия | Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? парақ | Оқушылар орындайды. | Қалам, рефлексия парағы. |