KZNews.kz
Қоғам

Ащы судың зардабы: Мас күйінде балағат сөздермен қорлаған ұлына анасы арыз түсірді

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Әйелдің айтуынша, ересек ұлы мас күйінде үйде жанжал шығарып, анасын балағат сөздермен қорлаған.

Полиция мәліметінше, бұл іс сотта қаралып, оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Сондай-ақ, ер адамға алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынып, мінез-құлқына арнайы талаптар қойылды. Қосымша түрде психологиялық көмек алу шарасы да белгіленді.

Облыстық ПД дерегінше, қазір ерекше бақылауда шамамен 1,5 мың адам бар. Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 50 арыз түскен. Нәтижесінде 72 қорғау нұсқамасы қабылданып, 15 құқық бұзушыға арнайы шектеулер қойылды. Сонымен қатар әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған бес отбасы бақылауға алынды.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары