Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ашхабадта әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды

Ашхабадта әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктердің алдыңғы орынына отыруға тыйым салынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті turkmen.news басылымы әйелдер көліктің артына ғана отыра алады деп хабарлайды. Жүргізушінің жанында ер туысы болса да, отыруға тыйым салынады.

"Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері кетуге мәжбүрлей алады", – дейді Ашхабад тұрғыны.

Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған.

Айта кетейік, 2018 жылы Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары