Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әсел Исабаева Астанадағы сән көрсетілімінде көзге түсті

Әсел Исабаева Астанадағы сән көрсетілімінде көзге түсті
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада өткен сән апталығы кезінде Әсел Исабаева көпшілік алдына шығып, елдің назарын аударды, деп kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шарадан түсірілген фотоларды Instagram желісінде олимпиада жүлдегері, жаттықтырушы Әлия Юсупова жариялаған. Суреттерде Әсел Исабаева Ұлттық музейде өткен Динара Сәтжан бренді көрсетілімінде көрінеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның келбетіне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі оны йталғамы жоғары, ұстамды сәнді таңдағанй десе, енді бірі оның қоғамдық мәртебесін еске алған.

Айта кетейік, Әсел Исабаева – 46 жаста. Ол "Астана Балет" театрында арт-менеджер болып қызмет етеді. 1999 жылы "Мисс Қазақстан" атағын иеленген.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Менің өмірім" атты мемуарында Әсел Исабаевамен таныстығы туралы жазған. Оның айтуынша, олар алғашында кездейсоқ танысып, кейін мұсылмандық дәстүр бойынша некелескен. Бұл некеден Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер