Білім беру ұйымдарының табысы 279 млрд теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әсел Исабаева Астанадағы сән апталығында көпшілік алдына шықты

Әсел Исабаева Астанадағы сән апталығында көпшілік алдына шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада өткен сән апталығы кезінде Әсел Исабаева көпшілік алдына шығып, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс-шарадан түсірілген суреттерді Instagram парақшасында олимпиада жүлдегері, жаттықтырушы Әлия Юсупова жариялаған. Кадрлардан Әсел Исабаеваның Ұлттық музейде өткен Dinara Satzhan бренді көрсетіліміне қатысқанын көруге болады.

Желі қолданушылары оның образына түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Әсел Исабаеваның киім үлгісін талғамды әрі ұстамды деп бағаласа, енді бірі оның қоғамдағы орны мен жеке өміріне қатысты пікір қалдырған.

Айта кетейік, Әсел Исабаева қазір 46 жаста. Ол "Астана Балет" театрында арт-менеджер қызметін атқарады. Сондай-ақ 1999 жылы "Мисс Қазақстан" байқауының жеңімпазы атанған.

Нұрсұлтан Назарбаев "Менің өмірім" атты мемуарында Әсел Исабаевамен таныстығы туралы жазған. Оның айтуынша, олардың қарым-қатынасы кейін мұсылмандық дәстүр бойынша некеге ұласқан. Кітапта бұл отбасында Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келгені де айтылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер