Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі актер Асанәлі Әшімов өзінің өмірден өтер уақытын бірнеше жыл бұрын болжаған болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.
Актердің жары Бағдат Әшімованың айтуынша, Асанәлі Әшімов күнделіктерінің бірінде өміріне қатысты ерекше жазба қалдырған.
"2022 жылы 7 айдың 12 күні жазыпты: "Жүріс аяңдаған сияқты. Түсімде құлағыма 88 деген дауыс келді. Оған төрт жыл қалды" деп жазыпты", – дейді актердің жары Асекеңнің күнделігіндегі жазбасы туралы.
Айта кетейік, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында Алматыдағы өз үйінде дүниеден өтті.