Жаңалықтар

Асанәлі ағамыз: "Менің бұл дүниедегі қатарым азайды, о дүниедегі достарым көп" деп жиі айтатын (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Асанәлі ағамыз: "Менің бұл дүниедегі қатарым азайды, о дүниедегі достарым көп" деп жиі айтатын (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Белгілі ақын Бақыт Беделхан қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты жүрекжарды пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бүгін тау құлап, бәйтерек сынып түскендей. Аспан аласарып, бүкіл қалың қазақ қайғырып, қабырғасы сөгіліп, көз жасы төгіліп отыр. Жоқтан бар жасайтын – Құдай, өлгенді тірілтетін – өнер. Сол өлген өнерді тірілтіп, өрге сүйреп, бүкіл Алаштың батасын алып, ақыры өзі абызға айналған жасқа келді. Қазақтың бүкіл өнерін, рухын, қасиетін, бар болмысын әлемге танытты", – деді Бақыт Беделхан.

Бақыт Беделхан марқұмның тірі кезінде айтқан сөздерін де еске алды.

"Асанәлі ағам өзі: "Ұлылардың бәрі түсіме кіреді, сағынамын. Менің бұл дүниедегі қатарым азайды, о дүниедегі достарым көп" деп жиі айтатын. Тағы бірде: "Ешкімді әуреге салмай, өзім де қиналмай, ұйықтап кетсем арманым жоқ" дейтін. Сол арманына жетті. Мұны қазақ "ақ өлім" дейді. Бүкіл қазақтың алақанында тұрып, ақ өліммен кету - үлкен бақыт шығар деп ойлаймын. Асекеңнің өмірі – өнеге, тағдыры – тағылым, ғұмыры – ғибрат болуға тиіс", – деді ақын.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz