KZNews.kz
Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды

KZNEWS

Ұлттық мұражайдың бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Астана сотының баспасөз хатшысы мәлімдеді. Оның қамауда болу мерзімі екі айға созылды.

"2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін екі айға ұзартты", – делінген хабарламада.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ақша жымқыруға қатысты ұсталған еді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары