Пашинян жеңісі: Тоқаев Армениямен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Арыста мас әйел полициядан қашамын деп 3 адамды қағып өлтірді

Арыста мас әйел полициядан қашамын деп 3 адамды қағып өлтірді
Фото: Ulysmedia

Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйде көлік тізгіндеген әйел полициядан қашпақ болып, жол жиегінде отырған адамдарды қағып кетті. Салдарынан жүкті мұғалім мен екі кішкентай бала қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz Ulysmedia порталына сілтей отырып.

Оқиға кешкі уақытта болған. Туыстарының айтуынша, бір топ адам жеке үйдің жанындағы орындықта отырған кезде жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен келіп, қоршауды бұзып өтіп, адамдардың үстіне кіріп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті мас күйдегі әйел басқарған. Қайғылы оқиға кезінде бес адам көлік астында қалған. Олардың қатарында екі әйел, екі кішкентай бала және егде жастағы әйел болған.

Апат салдарынан жүкті әйел мен екі бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккендердің арасында балабақша қызметкерлері де бар. Марқұмдардың туыстарының сөзінше, қаза тапқан жүкті әйел мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Сондай-ақ көз жұмған әйелдің артында үш баласы қалған.

Туыстарының мәлімдеуінше, апатқа дейін аталған көлікті полиция қызметкерлері қуып жүрген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.