"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Арттан сөйлейді" - ресейлік әнші қазақстандықтардың сынына жауап берді

"Арттан сөйлейді" - ресейлік әнші қазақстандықтардың сынына жауап берді

Қазақстанда атышулы болған әнші Акмаль Ходжаниязов ресейлік әскерилерге қолдау білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz

Әнші Акмаль Ресейге қарсы сын мен санкцияларға қарамастан, елдің «күшейіп келе жатқанын» айтты.

— Біздің жауынгерлерімізге күш-қуат берсін, бәрімізде бәрі жақсы болсын. Мен осылай ғана пікір білдіремін. Арттан сөйлеп жатқандар үрейлене берсін, біз одан тек күшейе түсеміз, — деді ол РИА Новости-ге берген сұхбатында.

ӘНШІ ТУРАЛЫ

Akmal’ - Түрікменстан тумасы, ұйғыр ұлтынан шыққан ресейлік орындаушы. Ол «Из-за тебя», «Вдоль дорог», «По полюшку» секілді әндерімен танымал болған.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАУ

Еске салайық, әншіге Қазақстан қалаларының бірінде тыңдарманы сыйлық берген болатын. Сыйлық көк және сары түсті пакетке салынған. Алайда әнші пакетті алмай қойған. Артынша “мына пакетті өртей салыңыз, түсі ұнамай тұр” деген. 

Қазақстандықтарға әншінің бұл әрекеті ұнамады. Олар әншінің көонцерттерін Қазақстанда өткізбеуді талап етті. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.