KZNews.kz
Білім

Армысың,Алтын күз!

KZNEWS


Армысың,Алтын күз!

Автор: Қабиева Сұлушаш Рахимқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Басқа Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-25

Материал туралы қысқаша түсінік

Күз мезгіліне арналған ертеңгілік

Алтын күз!Тақырыбы: «Алтын күз!»Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.Ұйымдастыру кезеңі.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай,Бірге қарсы алайық!Жүргізуші: Балалар бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Ол кім?Балалар: Ол күз.Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық! Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар!Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын жаз Сары алтынға малынған Алтын күз деген мен болам!Армысыңдар құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер. Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?Балалар: Жоқ.Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын күз Сайрандаған күліп ойнапКелді міне, Алтын күз!Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын: Ағайынды бәріШықса жасып Түссе сары. Бұл не?Балалар: Жапырақтар.Күз: Дұрыс жапырақтар, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.Көрініс: «Бауырсақ!» ертегісі.Күз туралы тақпақтар!Дархан: Күзім ау, күзім ауМінезің бұзық ау Жаңбырың сіркірепКелгенің қызық ауМарғұлан:Қыс құнар береді Көктем дән бередіНұрайна: Жаз бастап өсірсеКүз жинап бередіИманжүсіп:Қуандырып біздердіМерекелі күз келдіЗере:Кел жемісті Алтын күзКемелденсін халқымыз.Мұстафа: Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз!Сымбат: Дәнге толы кең даламДариядай шалқар күз.Нұршат:Ұшты талдан жапырақСары көбелек секілдіИ. Ануар: Аспанда жай шатырлапТамшы жерге секірді.Т. Алихан: Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан-алуан жапырақМанура:Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап.Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық, күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын: «Кім жылдам?» деп аталады. Шарты: Ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.Ойын: «Кім жылдам?»Би: «Күзгі вальс»Жүргізуші: Ендігі кезекті жемістерге арналған тақпақтарға кезек береміз. Раййан: Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың!К. Алихан: Мен жүзіммін, жүзіммінМоншақ болып тізілдім.Айұлтан: Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін.Миғраж: Мен алмамын, алмамын Таңдайда қалар бар дәмім.Күз: Өте тамаша, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны: Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбеАузыңнан кетпес бал дәміОның аты......(шабдалы)

Кіп-кішкентай болса да Ағаштың басын иеді Жемістерін айырыпТанисың ба.......(шиені)

Жапырақты тасалапӨсетін жері бақша бақКүрен қызыл шіркін-айОның аты......(таңқурай)Жүргізуші: алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?Күз: Рахмет балалар, мереке қатты ұнады. Ал енді менің келесі топқа баратын уақытым болды. Қош сау болыңдар!Жүргізуші: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күз!» атты ертенгілігіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары