Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Арман болған күн": Блогер Елдос Колобок отбасындағы қуанышты жаңалықтарын жария етті (ВИДЕО)

"Арман болған күн": Блогер Елдос Колобок отбасындағы қуанышты жаңалықтарын жария етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы Таңшолпан әлеуметтік желіде жаңа видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жолы Таңшолпан Instagram парақшасында отбасымен қыдырып жүрген сәттерін бөлісіп:

"Арман болған күн – бүгін шындық", – деп жазды.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар көптен күткен сәбиін 2025 жылдың 12 қарашасында дүниеге әкелген болатын. Сол күні Елдос Қадірханов желіде сүйінші сұрап, әке атанғанын қуанышпен хабарлаған еді.

Ал бүгінгі жазба – сол арманның орындалғанына шүкіршілік білдірген, бақытты отбасының қарапайым сәттерін көрсеткен видео. Желі қолданушылары жылы пікірлерін қалдырып, жас отбасыға бақыт тілеп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер