| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.1А. Натурал сандар және нөл. | Мектеп: |
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
| Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақ тақырыбы | Арифметикалық амалдардың қасиеттері. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.3** бөлшек сандармен өрнектердің мәнін тиімді есептеуде арифметикалық амалдар қасиетін қолдану |
| Сабақ мақсаттары | Көптаңбалы сандармен өрнектердің мәнін тиімді есептеуде арифметикалық амалдар қасиетін қолдану |
| Жетістік критерийлері | Амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәнін табу;Санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар - есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады;Пәндік лексика және терминология - арифметикалық амалдардың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік және үлестірілімділік);Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - есептеуді тиімді тәсілмен орындау;- көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы ...;- қосындыны (айырманы) санға көбейтуді орындау үшін ... |
| Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.Бірлескен ортада жұмыс жасау.Дағдыландыру құндылықтарын жүзеге асыру үшін / жұппен және топтық жұмыс түрлері. |
| Пәнаралық байланыстар | Физика |
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану |
| Бастапқы білім | Арифметикалық амал, натурал сандармен жұмыс жасай білу. Сандық және әріптік дағдылармен жұмысты қалыптастыру. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Ұйымдастыру кезеңі(2 мин) | І. Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды орнату. «Сигналдық карточка» стратегиясы-Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйлері қандай жағдайда екенін бақылап көрейік. Сіздердің үстелдеріңізде үш түрлі-түсті карточкалар жатыр.Қызыл – мұңды, ештеңе қолымнан келмейді;Сары – қобалжудамын, менің ойымша қолымнан келмейтін сияқты ;Жасыл – менің көңіл күйім керемет, менің қолымнан барлығы келеді.-Қазіргі кездегі көңіл-күйіңізге байланысты карточканы көрсетсеңіз. | ПрезентацияСлайд 1 |
| Топқа бөлу(4 мин) | ІІ.Тақтада арифметикалық амалдардың қасиеттерді жазылған кесте ілініп тұрады.Оқушыларға өрнек жазылған қағаз таратылады. Әр оқушы мысалды орындап , қай қасиетті қолданды , соның астына іледі. а+в =в+а ауыстырымдылық(а+в)+с=а+(в+с) терімділік(а·в)·с=а· (в·с) терімділік(а+в)·с=а·с+в·с үлестірімділік | Карточка №1«Топқа бөлу» |
| Сабақ тақырыбын анықтау (2 мин) | ІІІ.Сабақ тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері.Сабақтың мақсаты: Амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәнін табу;Санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану. | Презентация Слайд 2 |
| Топтық жұмыс(8 мин) | ІҮ.Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Постер» стратегиясын қолдану (топтық жұмыс)Оқушылар өз топтарында тапсырмаларды орындайды:. екі есеп құрастырып басқа топтарға ұсынады. 2.Арифметикалық қасиеттерді қолдана отырып есептерді шешу. 1 топ – көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті 2 топ – көбейтудің және қосудың терімділік қасиеті, 3 топ – көбейтудің үлестірілімділік қасиеті. | А3 Парақтары, түсті маркерлер |
| ҚорытындыЖұппен жұмыс(10 мин) | Ү.Материалды бекіту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады:Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана отырып, өрнектерді ықшамда.1-топ:1)4а+36а-8a+3a, егер a=6;2)52b-7b-6b+b, егер b=25;2-топ:3)14m+m+17m-9m , егер m=30;4)31n+5n-n+19n , егер n=20;3-топ:5)2x+6+9x+8+x, егер x=4;6)15+3y+y+4+5y, егер y=7.Бағалау критерийлері:Үлестірімділік қасиеттерін дұрыс қолданады;Өрнекті ықшамдайды;Өрнектің мәнін дұрыс табады.Кілт арқылы тексеру (слайд 4)а(4+36-8+3) =ах35=35а35а=35х6=210;b (52-7-6+1)= b х40=40 b40 b =40х25 =1000;m(14+1+17-9) = mх23= 23 m23 m=23х30=690n(31+5-1+19)= n х54= 54n54n=54х20=1080(2х+9х+х)+(6+8) =х(2+9+1)+14=12х+1412х+14=12х4+14=62(3y+y+5y)+(15+4) = y(3+1+5)+19=9y+199х7+19=82 | Презентация слайд 3Дифферен-циация Презентация Слайд 4 |
| Формативтік бағалау(10 мин) | | ФО1 |
| Reflection(3 мин) | РЕФЛЕКСИЯЕсіме түсірдім................................................................ Қиындықтар туындады............................................................ Білгім келеді.......................................................Тиімді болды ..................................................................Үйренгім келеді .................................................................. | Презентация слайд 5 |
| Homework1 мин | Карточка бойынша тапсырманы орындауОрындалатын амалдардың ретін көрсетіңіз:88+(72:9-24:12);45·2-84:(10+2).Ретін анықтап, есептеніз:77:11-20:5+(100-99)·2;(15·3-10):7+20·9.Үйге: 1 бөлім 39 бет №152 аяқтау | Карточка №2 |