Қызылорда облысының Арал ауданында полиция қызметкерлері патрульдеу барысында 6 жастағы баланың көшеде түнгі уақытта «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды.Тексеру барысында белгілі болғандай, автокөлік оның әкесіне тиесілі екен.
- Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері ата-анасы мен балаға профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
https://kaz.inform.kz/news/aralda-koshede-kolk-tzgndegen-6-zhastagi-balanin-ata-anasina-ayippul-salindi-f49a2421