Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Арада 5 бала бар - өз әйелін түлектер кешінен кейін атып тастаған ер адам 18 жылға сотталды

Арада 5 бала бар - өз әйелін түлектер кешінен кейін атып тастаған ер адам 18 жылға сотталды

Ош облысының Өзген аудандық соты 38 жастағы Айзирек Ералиеваны түлектер кешіне барғаны үшін атып өлтірген күйеуін 18 жылға соттады, деп хабарлайды Kznews.kz 24 kg-ға сілтеме жасай отырып.

2025 жылғы 31 шілдеде шыққан сот үкіміне сәйкес, А.Б.К. есімді азамат келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған:

  • Қырғызстан ҚК 122-бабы 2-бөлімі 3-тармағы – «Дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру»;
  • ҚК 267-бабы 1-бөлімі – «Қаруды, оқ-дәріні заңсыз айналымға енгізу»;
  • ҚК 267-бабы 2-бөлімі – «Оқ қаруын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».

Сот күдіктіге 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 100 мың сом көлемінде айыппұл салды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Қара-Кұлжа ауданында тұратын Айзирек Ералиева күйеуімен бірге мектептегі 20 жылдық түлектер кездесуіне қатысқан. Оны жұбайы кештен соң ұрып-соғып, атып өлтірген.

Олардың 5 баласы бар. Айзирек Ералиеваның үлкен ұлы - 17 жаста, Бішкектегі колледжде оқиды, екінші ұлы - 9-сыныпты аяқтаған, үшінші баласы - 11 жаста. Екі қызының бірі - 7, екіншісі - 4 жаста.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.