ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбелік жігіт ауылға барып, мал бағатын қыз іздеп жүр - новости Казахстана

Ақтөбелік жігіт ауылға барып, мал бағатын қыз іздеп жүр - новости Казахстана

32 жастағы ақтөбелік жігіт әлеуметтік желі арқылы болашақ жарын іздеуде. Өзінің айтуынша, бұрын үйленбеген. Басты талабы - болашақ келіншегі ауылға барып, мал бағуға дайын болу керек деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: drive2.ru

Әлеуметтік желіге жарияланған хабарландыру көптің қызу талқысына түсті. Хабарландыруда Шыңғыс есімді жігіт суретімен бірге жеке телефонын да қалдырған.

"Ұлты қазақ қыз іздеймін. Қазаққа жақын ұлт- қырғыз, башқұрттың қыздары да болады. Менімен бірге Қобдаға барып тұратын қызға үйленуге дайынмын. Ауылда мал өсіргім келеді. Өзім 1987 жылғымын, үйленбегенмін. Бұрын жүк көлігімен жолда жүргендіктен жеке қарым-қатынасқа уақыт болған жоқ", - делінген хабарламада.

Жігіттің шақырып отырған жері Ақтөбе қаласынан 220 шақырым жердегі Қобда ауданы.

Ауданда 23 мыңнан аса халық тұрады. Өңір ауылшаруашылығына жайлы саналады. Онда егістік, шабындық, жайылым аумақтары ауқымды.

Ауыл тұрғындары Әлия Молдағұлованың жерлесі екенін мақтан етеді.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Бауыржан