Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде соңғы қоңыраудан кейін мектеп қызметкері көз жұмды

Ақтөбеде соңғы қоңыраудан кейін мектеп қызметкері көз жұмды
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Жосалы ауылында мектеп қызметкері суға кетіп қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 59 жастағы ер адам мектепте слесарь болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға 25 мамыр күні, соңғы қоңыраудан кейін болған.

Сол күні ол отбасы және достарымен бірге Қуағаш өзеніндегі бөгет маңына демалуға барған. Алайда суға түсуге арналмаған жерде суға батып кеткен.

Куәгерлер ер адамды құтқарушылар келгенге дейін судан шығарып алған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол Бадамша ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.