"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен ауыл әкімінің ісін комиссия тексеріп жатыр

Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен ауыл әкімінің ісін комиссия тексеріп жатыр

Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның фотосын енді арнайы комиссия зерделейді.

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның гүл ұстап түскен фотосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Қазіргі кезде полиция фотодағы гүлдің Қызыл кітапқа енген-енбегенін тексеріп жатыр. 

— Тексеріп, қызғалдақтың Қызыл кітапқа енген түрі ме деген сұраққа жауап іздейміз. Кейін құқықтық бағасы беріледі, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов қазір арнайы комиссия құрылғанын айтты.

— Ауданда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі бар. Сол комиссияда іс қаралады. Оның құрамында аудандық полиция бөлімінің өкілі де бар. Кейін ғана шешімін айтып, жауапқа тарта аламыз. Ол гүлді қыздары жұлып әкелгенін, фотоға түсіп, WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойғанын айтып отыр, — деді Дархан Ермағамбетов.

Еске салсақ, Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.