Шоу-бизнес

Ақтөбеде перзентханадан өрт шығып, жүкті әйелдер құтқарылды

Ақтөбеде перзентханадан өрт шығып, жүкті әйелдер құтқарылды

Тілсіз жаудың құрсауынан аман шыққандардың арасында 78 нәресте бар.

Ақтөбе перинатальды орталығының жертөлесінде матрац жанды. Өрт кезде 500-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 10:23-те тіркелді. Ақтөбеде перинатальды орталықтың жертөлесінде матрац жанды. Перзентханаға бірден 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді.

"Өрт 10:40-та тоқтатылып, 10:43-те өшірілді. Жану алаңы – 5 ш.м Барлығы 491 адам құтқарылды. Олардың 300-ден астамы перзентхана қызметкері, 97-сі ана. Олардың арасында 78 нәресте бар. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz