Алғашқы жартыжылдықта экономика 4,1%-ға өсті: Тоқаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде отырып, «Pinduoduo» арқылы 1000 теңгенің дүниесіне тапсырып берген жігіт сотталып кетті

Ақтөбеде отырып, «Pinduoduo» арқылы 1000 теңгенің дүниесіне тапсырып берген жігіт сотталып кетті
фото: ашық дереккөз

Ол енді 40 сағат бойы қоғамдық жұмыс атқаруы тиіс

Ақтөбе қаласының №2 соты «Pinduoduo» қосымшасы арқылы құны 1 000 теңгелік кастетке тапсырыс берген азаматтың ісін қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 287 бабы, 1 бөлігі бойынша іс қозғалған.

«Сотталушы Д. ұялы телефонындағы «Pinduoduo» қосымшасы арқылы құны 1 000 теңге тұратын кастетке тапсырыс берген. Ол осы суық қаруымен компьютерлік клубқа барған, одан шыққан соң саябаққа барған. Саябақта оны Ақтөбе қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, тексерген және кастет түріндегі суық қаруды заңсыз алып жүргенін анықтаған. Сотта жігіт кінәсін толық мойындаған», - деп хабарлайды Ақтөбе соттарының баспасөз қызметі. 

Сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жігітті Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапқан және оны 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартқан.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.