Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде НЗМ-ға оқуға түсіруге уәде еткен мұғалім сотталды

Ақтөбеде НЗМ-ға оқуға түсіруге уәде еткен мұғалім сотталды
Фото: Polisia.kz

Мұғалімге 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа да тартылады, деп хабарлайды kznews.kz.
№2 Ақтөбе қалалық сотында Шыңғысхан Пайзовқа қатысты екі қылмыстық іс қаралды. Бірінде жәбірленуші мұғалімге 100 000 теңге беріп, баласын оқуға түсірмек болды. Алданып қалғанын түсінген соң сотқа шағым түсіріп, қылмыстық іс қаралғанымен, татуласуға шешім қабылдады. Себебі шығын толық өтелді. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қаралды, алайда сот қаулысымен іс қысқартылды.

Кейін сотта тағы екі ата-ананың шағымы бойынша іс қаралды. Мұнда да Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сот тергеуі жүрді. Сот кабинетіндегі материалға сүйенсек, 30 жастағы сотталушы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіре алатынын айтып, ата-аналардың сеніміне кіреді. Бір ата-ана оған 1 700 000 теңге, ал екіншісі 1 500 000 теңге аударады. Сот отырысында Шыңғысхат Пайзов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Ол 2024 жылдың күзінен 2025 жылдың көктеміне дейін оқу орталығында математика пәнінен дәріс береді. Сол кезде 6 сынып оқушыларын Назарбаев зияткерлік мектебіне, лицейге оқуға түсіру үшін дайындық сабақтарын өткізеді. Ата-аналарға хабарласып, ақысын төлесе, зияткерлік мектебіне оқуға түсіретінін айтады. Уәде орындалмаған кезде ата-аналар ақшасын талап етіп, сотқа жүгінген.

Сот отырысында жәбірленушілердің шығыны толық өтелгені, татуласқаны белгілі болды. Ал куәгерлердің бірі сотталушы Ш.Пайзовқа өзінің банк картасы мен қосымшасын пайдалануға рұқсат бергенін, сол шақта мол ақша түскенін айтты. Кәугер сотталушы мұғалімнің 6 500 000 теңге қарызы болған, ол алған ақшаның бәріне бәс тіккенін жеткізді. Сотталушы сөйтіп ақшаны өзінің емес, достарының, таныстарының банк есепшотына аудартып отырған.

Сот үкімімен Шыңғысхан Пайзов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ол үш жыл бойы пробациялық бақылауда болады. Егер бір ай бойы жұмыссыз жүрсе, жұмыспен қамту бөліміне барып, тіркелуі шарт. Сонымен бірге 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Айта кетейік, Ақтөбеде пара алған мектеп директоры сотталды. Ол 250 мың теңге пара алған. Сот 7,5 млн теңге айыппұл салды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.