Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде медициналық бетперде киген ер адам ломбардты тонамақшы болды

Ақтөбеде медициналық бетперде киген ер адам ломбардты тонамақшы болды

Ломбард күзетшісі қаскөйге қарсы қару қолданып, тойтарыс берген.

Ақтөбеде медициналық бетперде киіп, тапаншамен қаруланған белгісіз ер адам ломбардты тонамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 4 наурыз күні шамамен сағат 15:40 орын алған.

Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған бегісіз ер адам, травматты тапаншамен қорқытып, қаланың ескі бөлігіндегі Заводская көшесінде орналасқан ломбардқа шабуыл жасайды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ломбард күзетшісі шабуылға қарсы төтеп берген.

– Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, жедел іздестру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Бауыржан