"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде көлік ішінде үш жасар бала өртеніп кетті: Екінші бала да көз жұмды

Ақтөбеде көлік ішінде үш жасар бала өртеніп кетті: Екінші бала да көз жұмды

Ақтөбеде көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті. Көп ұзамай 7 жастағы бала да көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2014 жылы туған бала денесінің 80 пайызын күйік шалып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Жансақтау бөлімінде ем жүргізілді. Медициналық авиациямен барған мамандар да көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ем нәтижесі болмай, бала кеше түнгі 12-де көз жұмды. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалған", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Еске салсақ, Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған "Ваз 2106" маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 63 көлік жанып кетті. Оның 15-і жүк, 44-і жеңіл көлік болса, біреуі автобус, біреуі теміржолда.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары