Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде кәсіпкердің 57 млн теңгесін ұрлаған атыраулық іздестіріліп жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбеде кәсіпкердің 57 млн теңгесін ұрлаған атыраулық іздестіріліп жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе облысында кемпинг қожайынының қомақты қаражатын ұрлап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік  полиция департаменті Атырау облысының тумасы Фархад Ғаббасовты іздестіріп жатыр. Ол өткен жылдың қараша айында Қобда ауданы, Жарсай-2 ауылының маңында салынып жатқан кемпингтен қомақты ақша ұрлады деген күдікке ілінген.

"Кемпинг қожайынына тиесілі 57 млн теңге ұрланды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша іс тіркелді. 42 жастағы Атырау облысының тумасы Ақтөбенің Алға қаласында тұрған, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Ақпаратқа сәйкес,  күдіктінің денесінде операциядан кейінгі тыртығы бар. Оң қолында орта және сұқ саусақтары жоқ, көзілдірік киюі мүмкін.


stan.kz
Автор
Еркебұлан