KZNews.kz
Қоғам

Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсаған

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбеде ауыр қылмыс тіркелді. Ер адам өз әйелін өлтіріп, кейін өзі де өмірін қиюға барғаны анықталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптының хабарсыз кеткені туралы ақпарат тараған еді. Арада көп өтпей олардың мәйіті табылғаны белгілі болды. Облыстық полицияның мәліметінше, қала шетінен зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар 39 жастағы әйелдің денесі табылған.

«Одан кейінгі іздестіру іс-шаралары барысында әйелінің күйеуінің денесі асылып тұрған күйінде анықталды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Алдын ала деректерге қарағанда, ер адам алдымен әйелін өлтіріп, содан соң өзіне қол салған. Желіде тараған мәліметтер бойынша, марқұмдардың артында бес баласы қалғаны айтылуда.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →