Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбе облысында екі жүкті келіншек перзентханаға трактормен келген

Ақтөбе облысында екі жүкті келіншек перзентханаға трактормен келген

Бізге трактормен де, атпен де, қайықпен де келеді - бас дәрігер.

Боранға байланысты жол жабылса да толғатып жатқан екі келіншек 150 шақырым жерден аудандық ауруханаға әкелінді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Кеше, 19 ақпан күні Байғанин аудандық ауруханасына толғатып жатқан екі келіншек түсті. Олар аудан орталығы Қарауылкелдіден 150 шақырым жерде орналасқан Жарқамыс ауылынан трактормен келген.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Серік Әділхановтың сөзінше,​ боранды күні ауылдық елдімекендердің науқастары ауруханаға өздері келуге мәжбүр. Себебі боранды күндері аурухананың көлігін жіберу өте қауіпті.

"Бізге трактормен де, атпен де, қайықпен де келеді. Мәселен, көктем кезінде су тасып жатқанда акушер әйел жүкті келіншекті қайықпен әкелген. Бірақ ауылда дұрыс қайық жоқ қой. Сөйтіп, "төтенше жағдай қызметкерлері қайықтағы екеуін құтқарып алды" деп орденге ие болады. Ал жүкті келіншекті ауруханаға әкелген байғұс акушердің үсті су-су. Сонда оған ешқандай орден де берілген жоқ. Дәрігерлер атақ алуға емес, науқастың өмірін сақтап қалуға жүгіреді", — дейді Серік Әділханов.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Бауыржан