KZNews.kz
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір үйден әйел мен үш баланың мәйіті табылды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың денелері табылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігі оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін.

Ақтөбе облысының әкімі тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажет материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Қазір құзырлы органдар оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастаған.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →