KZNEWS.KZ
Аймақ

Ақтөбе маңына тағы да ұшқышсыз ұшақ құлады

• Айжан Сыланова
Фото: ЖИ

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас тағы бір нысанның құлағаны тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Қарғалы ауданы аумағында табылған зат дронның сынықтарына ұқсайды. Оқиға орны елді мекендерден шалғай жерде орналасқан.

Қазір мамандар табылған нысанның нақты не екенін және оның қайдан келгенін анықтауда. Тергеу аясында барлық мән-жайлар жан-жақты тексеріліп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →