KZNews.kz
Әлем

Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік 1 жылдан кейін жұмысына қайта оралды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағанына бір жыл толғанда, сол оқиғадан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазір ол өз жұмысын бұрынғыдай жауапкершілікпен атқарып жүр. Бұл туралы әуе компаниясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған бейнежазбада айтылған.

Еске салайық, AZAL-дың Баку–Грозный рейсі 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Ұшақта 67 адам болған, соның 38-і қаза тауып, 29 жолаушы тірі қалған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары