Әлем

"Сөйлеп тұрған – бортсерік Хёкума Әлиева": Желіде Ақтаудағы әуе апатына дейін түсірілген видео тарады

"Сөйлеп тұрған – бортсерік Хёкума Әлиева": Желіде Ақтаудағы әуе апатына дейін түсірілген видео тарады
ашық дереккөзден

Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer 190 әуе кемесінен жаңа бейнежазбалар жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл видеоны әуе апатында әкесінен айырылған Аббас Гыстаров көпшілікпен бөлісті. Оның айтуынша, аталған кадрларды ол екі күн бұрын марқұм әкесі Рашид Гыстаровтың телефонынан тапқан.

Жазбаның апатқа дейін түсірілгені нақтыланды. Видеода Әзербайжанның Халық қаһарманы атанған бортсерік Хёкума Әлиева Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында ұшақ ұшуға дайындалып жатқан сәтте жолаушыларға арнап ақпараттық сөз сөйлеп тұрғаны көрінеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz