Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда қыз 18-ші қабаттан құлады: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ақтауда қыз 18-ші қабаттан құлады: полиция тергеу жүргізіп жатыр

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қайғылы оқиға 18 қазан күні таңертең Ақтауда болды. Куәгерлердің айтуынша қыз 18-ші қабаттан құлап көз жұмған, деп хабарлайды Kznews.kz  Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Ақтаудың 17-шағынауданындағы «Green Plaza» тұрғын үй кешенінің аумағында болды.

«Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан едім, ауладан полиция көліктерінің жылдам өтіп бара жатқанын естідім. Не болғанын көру үшін бардым. Басында ештеңе түсінбедім, бірақ кейін полиция көлігінің артында қыздың денесі жатқанын көрдім. Ол үйдің кіреберісінен бір метрдей жерге құлап түсіпті», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.